Изменение времени намаза в связи с переходом на единый часовой пояс обсудили в Алматы

Сегодня Верховный муфтий Наурызбай-кажы Таганулы в ходе своего визита в Алматы встретился с ответственными специалистами отдела Шариата и фетв ДУМК.

«Духовное управление эффективно работает с муфтиями Узбекистана, Кыргызстана и других стран в сфере издания фетв. Благодаря нашему взаимопониманию нам удалось достичь определения единого времени для религиозных праздников. Важную работу в этом направлении мы должны продолжить и в этом году. В связи с этим мы проведем в нашей стране международную конференцию на тему «Методология среднеазиатской школы фикха». В настоящее время идет подготовительная работа.

Один из больших вопросов, на который следует обратить внимание, заключается в том, что с 1 марта 2024 года наша страна перейдет на единый часовой пояс. На протяжении года казахстанские ученые и специалисты различных областей изучали вопрос установления единого часового пояса на территории Казахстана. В связи с этим Правительство издало соответствующее постановление о переходе Казахстана на один часовой пояс. В связи с этим, время молитв и пятничных молитв также поменяется.

В то же время у народа возникает много вопросов. Вопросы уже приходят. Тем более, приближается месяц Рамазан. Мы со своей стороны должны быть активными и своевременно отвечать на вопросы», – сказал Наурызбай кажы Таганулы.

В ходе встречи Верховный муфтий вручил религиозным служащим, участвовавшим в семинаре, специальный сертификат. 

Источник: muftyat.kz
Перевод: azan.kz


Бас мүфти Шариғат және пәтуа мамандарымен кездесті

Бүгін Бас мүфти Наурызбай-қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің еліміз бойынша жауапты мамандарымен кездесті.

«Діни басқарма пәтуа беру саласы бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, тағы басқа елдердің мүфтиятымен әріптестік байланыс орнатып, нәтижелі жұмыс істеп келеді. Ақылдасудың арқасында діни мерекелерді бір күнде атап өтуге қол жеткіздік. Бұл бағыттағы маңызды жұмыстарды биыл да тиісті деңгейде жалғастыруымыз керек. Осыған байланысты елімізде «Орта Азия Фиқһ мектебінің методологиясы» тақырыбында халықаралық конференция өткіземіз. Қазір дайындық жұмыстары жүруде. 

Енді назар аударатын үлкен мәселенің бірі – 2024 жылдың бірінші наурызынан бастап елімізде сағат ауысады. Жыл бойы қазақстандық ғалымдар мен түрлі салалардың сарапшылары Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді. Осыған байланысты Қазақстанның бір уақыт белдеуіне көшуі жөнінде Үкіметтің тиісті қаулысы шықты.

Осыған орай намаз, жұма намаз уақыттары да өзгеретіні заңды құбылыс. Бұл ретте халық тарапынан көп сұрақ туындайды. Қазірдің өзінде сұрақтар келіп түсуде. Оның үстіне Рамазан айы жақындап келеді. Біз де өз тарапымыздан белсенділік танытып, сұрақтарға дер кезінде жауап беруіміз керек» – деді Наурызбай-қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында Бас мүфти семинарға қатысқан дін қызметкерлеріне арнайы сертификат табыстады.

Дерекөзі: muftyat.kz

Мы в соцсетях:
Facebook
Telegram
Instagram
Youtube
VK

 

Powered by Froala Editor