Фетвы ДУМК: Дозволен ли кэшбек?

В настоящее время при покупке товаров с использованием платежных карт определенный процент от потраченной суммы переводится на счет клиента. Также в некоторых магазинах при оплате за товар держателю карты предоставляются определенные скидки. Это один из самых распространенных методов привлечения клиентов в различных сферах торговли. В экономике этот метод называется "кэшбэк". Слово "сashback" в переводе с английского означает: "cash" – "наличные деньги", "back" – "возврат".

Владельцу карты разрешено предоставлять преимущества, не запрещенные Шариатом. Например, держателю карты предоставляются такие услуги, как абонентское обслуживание, сниженные цены в авиакомпаниях, отелях или ресторанах. Данные бонусы рассматриваются как поощрение для клиентов.

Бонусы, поступившие на его карту, клиент может использовать при покупке товара или оплате платежей. Однако важно соблюдать следующие условия:

Во-первых, платежные карты должны соответствовать нормам Шариата. Кредитные карты (сredit сard) не могут быть использованы для получения бонусов.

Во-вторых, полученный бонус не должен быть запрещен Шариатом. Например, если доступ к запрещенным Шариатом местам предоставляется в качестве бонуса, то использование не разрешается.

В-третьих, с клиента не должна взиматься комиссия за бонус.

В-четвертых, бонус должен быть невозвратным. Если товар продается по высокой цене из-за бонуса, и покупатель покупает товар, чтобы получить бонус, это будет считаться азартом.

Если бонусы и скидки, полученные по платежным картам, соответствуют вышеуказанным условиям, то их можно использовать. В случае несоответствия не разрешается пользоваться подобными услугами.

Источник: muftyat.kz
Перевод: azan.kz


Кешбэкті және дисконт карталарды қолдануға рұқсат па?

Кешбэк (ағыл. "сashback" – "ақша қайтару") – бұл тауарды сатып алудан немесе қызметтер ақысын төлеуден түсетін бонустық пайыздар.

Кешбэк жүйесінде карта иесі (клиент) белгілі бір дүкеннен тауарды сатып алған жағдайда эмитент (банк) клиенттің шотына белгілі бір пайызды қайтарады. Ал сатушы банк арқылы тауарын сатқаны үшін эмитентке белгілі бір комиссия төлейді [1].

Кешбэктің үкімі төлем карталардың түрлеріне байланысты әрқалай болады:

  1. Дебеттік карта – клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлемді немесе ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін төлем картасы [2].

Дебеттік картаны қолдануға көптеген ғалымдар мен пәтуа ұйымдары рұқсат берген [3]. Өйткені бұл картада өсім беру қарастырылмайды. Ислам Фиқһ Академиясының 139 (5/15) қарарында: «Дебеттік карталарды шығаруға әрі қолдануға рұқсат... Сондай-ақ карта иесіне шариғатта тыйым салынбаған қызмет көрсету немесе тауардың бағасын төмендету сияқты жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ» [4], – делінген. Осы ретте төлем барысында клиенттің картасына қайтарылған кешбэкті қолдануға рұқсат етіледі.

  1. Кредиттік карта – эмитент пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен төлемдерді, ақша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем картасы [5]. Кейбір эмитенттер клиентке қарызды пайызбен немесе пайызсыз беруі мүмкін. Пайызсыз берген жағдайдың өзінде қарызды уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгіленеді.

Кредиттік карталарды қолдануға байланысты ғалымдардың арасында екі түрлі көзқарас бар:

1) Кредиттік карталарда өсім әрі оған алып баратын шарттар қамтылғандықтан бұл картаны қолдануға тыйым салынады [6]. Өйткені кредиттік картада эмитент пен клиент арасындағы байланыс қарыз ретінде қарастырылады. Егер кредиттік картаны қолдануға тыйым салынса, онда одан түскен кешбэкті де пайдалануға болмайды.

2) Эмитент қарызды пайызсыз береді. Бірақ қарызды өтеу уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгілейді. Егер клиент қарызды пайызсыз алып, уақытылы төлеуге сенімді болса онда бұған қажеттілік жағдайда кейбір ғалымдар рұқсат берген [7]. Дегенмен одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсайды дейді.

  1. Бонустық карталар. Бонус жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы карта. Сатушы өзі немесе кешбэк сервистерінің қызметін пайдалана отырып клиентті тарту мақсатында бонус карталарын ұсынады. Осы карта арқылы клиент балл, бонус жинап, сол дүкеннен зат алуына болады. Бұл картаны қолдануға төмендегі шарттар негізінде рұқсат етіледі:

– Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы; Кредит карталарын пайдаланып, ол үшін бонустар алуға болмайды.

Дисконттық (жеңілдік) карта – бұл сауда орталықтары, туристік фирмалар т.б. жеңілдіктерді ұсынатын карта. Бұл карта ақылы және тегін болуы мүмкін. Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарарында: «Егер карта тегін берілсе, ондағы берілетін сыйлықтарды, жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ. Бірақ сатушы жеңілдік бергені себепті тауарды қымбат сатпауы тиіс. Егер дисконт картаны сатса әрі бағасы негізі құнынан жоғары болса немесе жыл сайын төлеп тұратын төлемі болса, онда пайдалануға тыйым салынады. Өйткені бұл құмар болып саналады» [9], – делінген.

Шешім:

  1. Дебеттік картаны қолдануға әрі ол арқылы түскен кешбэкті қолдануға рұқсат.
  2. Кредиттік картаны және одан түсетін кэшбэкті қолдануға тыйым салынады. Тек аса қажеттілік жағдайда қарызды пайызсыз алып, уақытында төлеуге сенімді болса ғана қолдануға рұқсат. Алайда одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсауы керек.
  3. Бонустық картадан түскен сыйақыны төмендегі шарттар негізінде пайдалануға болады:

    4. Дисконттық карта тегін берілсе, оны пайдаланудың оқасы жоқ.

 ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

[1] https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D1%88%D0%B1%D1%8D%D0%BA. Уаһбату әз-Зухайли, «Битақату әл-итиман: 10-бет.
[2] Әл-Мәғаир аш-шарғия, 125-бет.
[3] «AAOIFI», «Мысырдың пәтуа комитеті», «Қатардың уақф және дін істер министрлігі», т.б. Мухаммад Тәқи әл-Усмани, Уаһбату әз-Зухайли, т.б.
[4] Ислам Фиқһ Академиясының қарарлары: 444-бет. Әл-Мәғаир аш-шарғия, 132-136 беттер. Мухаммад Тәқи әл-Усмани, Фиқһу әл-Буйуғ: 1/453-454.
[5] Әл-Мәғаир аш-шарғия, 144-бет.
[6] Ислам Фиқһ Академиясының №108, 2/12 қарары. Иордания пәтуа комитеті, «AAOIFI», «Қатардың уақф және дін істер министірлігі», т.б.
[7] Әл-қарарат уә әл-фатауа әл- маджлис әл-урубба лил ифта уә әл-бухус: 209-бет.
[8] https://aliftaa.jo/Question.aspx?QuestionId=2966.
[9] Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарары. https://www.aliftaa.jo/Question2.aspx?QuestionId=3160.

Дерекөзі: muftyat.kz

Мы в соцсетях:
Facebook
Telegram
Instagram
Youtube
VK

Powered by Froala Editor